21 а есебі

2015 – 2016 оқу жылының

№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық - педагогтік

колледжінің 21 «А» топ кураторы Алимпияева Замира Сембаеваның тәрбие жұмыс есебі:

21 «А» тобында барлығы 14 білім алушы оқиды.Топқа Семей қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы педагогтік колледжінен Жұмагелді Райса ауысып келді. Қыркүйек айында ұйымдастырушылық тәрбие сағаты өтіп, топ старостасы мен топ белсенділері қайтадан тағайындалды. Барлық білім алушы сабаққа, қоғамдық жұмыстарға белсене араласты. Әр апта сайын топ ішінде тәрбие сағаттары жүргізіліп,әр түрлі тақырыптар талқыланды.Әр тәрбие сағаты өз деңгейімен өткізіліп, патриоттық, рухтық, адамгершілік, еңбекті сүю, экология туралы өтіліп,білім алушылар таным-ой пікірімен бөлісті. Борыбаева Жанель «Имандылық-инабаттылық», Лесбек Сымбат «Имандылық жүрекке ұяласын» тақырыбында тәрбие сағатын өткізіп, тақырыпты аша білді. Әр мерекеге де байланысты тәрбие сағаттары өтіліп отырды. 02.12.2015 күні Алимжанова Зарина «Ел басы-ер тірегі», 15.12.2015 күні Жолдас Индира «Тәуелсіздік-тұғырым», 07.05.2016 күні Слямахметова Марал «Ешкімде ұмытылмайды, еш нәрсе ұмыт қалмайды» тақырыбында тәрбие сағаттарын өткізді. Әр ай сайын өткізілетін қорытынды тәрбие сағаттары хаттама түрінде бекітіліп, папка түрінде старостаға өткізілді. Әр ай сайын ай қорытындысын шығарып отырдық,сабаққа қатысу,білім алу сапасы,киім кию тәртібі туралы айтылып,сын-ескертпелер тағылды.Қазан айында өткен «Алтын күз» мерекесінде «Аударма ісі» факультеті 2-ші орын алды. Желтоқсанның 3-і «Шет тілдер» кафедрасының ұйымдастыруымен өткен «Сүйіспеншілік құндылығы» атты тақырыпппен өтілген тәрбие сағатына 21 «А» тобы «Жақсы көру.Кішіпейілділік» құндылықтарын таныстырды. Желтоқсанның 4-і Молдабекова Раиса Максутовнаның басшылығымен «Желтоқсан-ел тарихы, ерлік тарихы» атты тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатына Желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтар шақырылып,жоғары деңгейде өтті. 26.12 күні өткен Жаңа Жылдық сайыста «Аударма ісі» факультеті 1-орын алды. Шетел тілі кафедрасының ұйымдастыруымен өткен «Қазақстан Республикасының Ассамблеясына-20 жыл» атты тәрбие сағатын жоғары деңгейде өткіздік. 30.05.2016 күні 21 «А» тобы мен 11 «А» тобы бірігіп «Мемлекеттік рәміздер-ұлт мақтанышы» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Топтағы білім алушылар әр түрлі үйірмелерге қатысады. Атап өтетін болсақ, Борыбаева Жанель домбыраға, Слямахметова Марал мен Қинят Айнұр «Дарындылар академиясының» белсенді мүшелері, Ошақбаева Жібек пен Жұмагелді Райса әдебиет пәнінен «Мәнерлеп оқу» үйірмесіне қатысады.

Оқу жылын топта білім алушылардың 4-үздік, 5-жақсы біліммен аяқтады.

Білім сапасы: 64 %

Үлгерім сапасы: 100 %

Ұсыныс: Алдағы оқу жылында сабаққа кешігуді азайтып, колледж ішінде қоғамдық жұмыстарға белсене араласу, колледж тәртібін сақтау, білім сапасын осы деңгейден түсірмеу.

№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық - педагогтік колледжі

21 «А» – топ бойынша жылдық

тәрбие жұмысының есебі

Топ кураторы: Алимпияева З.С

2016

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *